Өлеңдер ✍️

  02.12.2022
  730


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Өмір ғажабы


Сыбағамды сағаттан алып беріп,
Сан арнадан, оқиға салып беріп.
Қараңғыда көп жалғыз қалдырып ап,
Қайратыма қойыпсың, жарық беріп.


Жүрсемдағы, жанымның, қамын бағып,
Ырду-дырду болады, дабыл қағып.
Төзімімнен, тағатты тауысып ап,
Ақтағансың, шындықтың шамын жағып.


Көрінгенде көздерге, жарқын ісім,
Жағымпаздық көрінген талпынысым.
Қинапсың-ау, құнымды түсіріп ап,
Абыройды аспаннан тарту үшін.


Қай жерім кем, деп жүріп елден менде,
Көкіректі көтердім сел келгенде.
Дұшпандарға таланып тынар едім,
Әділдікті дос етіп бермегенде.


Менде ғана, деп жүріп, жаза кілең,
Қатар көрдім, ренішті, ғажабымен.
Сыраға бал, сыйға сый екен өмір,
Жақсылықтар, жүретін,азабымен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу