Солон

Солон (б.з.б 640 және 635ж. аралығы-559 ж.ш.) - Афинының (Ежелгі Грекия) саяси қайраткері және әлеуметтік реформаторы. Теңіз саудасымен айналысқан, Грекияға, Ионияға (594 жылға дейін) саяхат жасады, Египетте, Кипрде, Лидияда (593 жылдан кейін) болды. Саламин үшін (7-ғ-дың аяғы) Мегарлерге қарсы соғыста әскер басы ретінде даңқы шықты. 594 ж. архонт және айсимнет болып сайланып, афины демосының мүддесін көздеген саяси-әлеуметтік реформалар жүргізді.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: