Бөлім: «Баталар»
Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.
Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.
Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
Баланың тұсауын кесуге арналған бата
Кесілді, балам, тұсауың,Жалтақтамай аяқ бас.Биік болып ұшарыңАсқарлармен қанаттас.Қасың құрар айла мың —Қапылыста сурінбе.Жалтан құшақ..
Уа, Құдайым оңдасын
Уа, Құдайым оңдасын Жаманшылык болмасынӘруак біткен колдасын Кызыр бабам колдасын Аман сактап төлбасын Екен егін солмасын Орта толып ырыска Беибіт..
Ақ бата
Иә, Алла, бере гөр,Береке, байлық төге гөр.О, халайық, көре бер,Бергенін Алла алмасын,Өсіре берсін мал басын,Көбейте берсін жан басын,Досыңның көңлі..
© Абдрахман Асылбек
Женіл бата
Батам батам батпасын, Батам жерде жатпасын, Қыдыр атам қолдасын, Еш жамандық болмасын, Әумин
Балаларға арналған бата тілектер
Бата берем, балам,Қолың жайып, тыңда,Кім болам деп ертеңАқылмен жол таңда!Сабағыңнан қалма,Жаман бала болма,Ұйқтап жата бермеОранып ап тонға.Табысты..
© Баянғали Әлімжанов
Төле бидің батасы
Әнін жазған Жоламан ТұрынбаевО, жарандар, жарандар!Қансыраған далам бар,Шұбырынды ақтабан,Қысып тұрған заман бар.Ауыздықпен су ішер,Ат басына күн..
© Абдрахман Асылбек
Алғыс күнге бата
Алғыс күні халайық, Рахметтер ағылсын! Ренжіскендер тілдесіп, Қуана қол алыссын! Қиындықтар болмай еш, Уақыт өтіп болмай кеш. Араз жандар табыссын!..
© Алғыс айту күні
Бүгінгі алғыс күнінде
Бүгінгі алғыс күнінде, Ренжіскендер табыссын! Алғыстарын білдіріп, Шынайы қол алыссын! Алғыс айту күнінде, Үн қосылып үніңе. Ізгіліктер толыссын!..
© Алғыс айту күні
Алғыс батасы
Алғыс айтқан ағайын, Қабыл болсын алғысың! Әр істерің оң болып, Арта берсін табысың! Сыйластығың жанданып, Бұл-бұл құсың ән салып. Жақын болсын..
© Алғыс айту күні
Еткен тілегін қабыл ет!
Е, Құдайым, оңдасын,Оң жолыңа бастасын,Бір жарылқап тастасын.Жамандыққа жазбасын,Жақсылыққа бастасын!Мал иесі Мұхаммед!Жан иесі қазірет,Не тілегін..
© Алғыс айту күні
Құдайы бергенде
Осы қылған құдай жолыңыз,Халықтың апды болыңыз,Жұрт жиналсын тойыңа.Ұйяласын періште,Сақалың мен мұртыңа.Хандай болсын қадірің,Халық, қарындас..
© Алғыс айту күні
* * *
Дәулетің көп болсын,Перзентің көп болсын.Басың көп болсын,Асың көп болсын,Жасың көп болсын,Досың көп болсын!Қырманың қырдай болсын,Жүзің нұрдай..
© Алғыс айту күні
Әумин десең маған
Әумин десең маған,Бата берейін саған.Бас берсе - тұрарынан,Мал берсе - құрарынан.Түндегінің тыныштығын берсін,Күндізгінің ырыстысын берсін.Құдайым..
© Алғыс айту күні
Үй іші, ауыл-аймақ аман болсын
Үй іші, ауыл-аймақ аман болсын,Тыныштық баршамызға заман болсынТабиғат таусылмайтын ризық беріп,Тартулы дастарханың тағам болсын.Осы үйге сұлу мінез..
© Алғыс айту күні
Сұрасаң бата
Ақсақал деп ардақтап.Сұрасаң бата атаңнан:Ер көгерер деген бар,Үлкендерден бата алған.Жер көгерер деген бар,Жаңбырменен қашаннан.Менің берер..
© Алғыс айту күні
Ауылдарыңыз малды болсын
Ауылдарыңыз малды болсын,Жылқыларыңыз жалды болсын.Азаматтарың аянбай еңбек етіп,Ағайынның алды болсын!Бақ берсін, бала берсін,Ақылды болсын, дана..
© Алғыс айту күні
Қазаныңнан ас кетпесін
Қазаныңнан ас кетпесін,Үйіңнен қонақ кетпесін.Қазаның майлы болсын,Қонағың жайлы болсын.Абырой берсін,Сақтағаның бұлды болсын,Көлінің ұлды..
© Алғыс айту күні
Құдайым ұзақ ғұмырды жаза берсін!
Пышағың малдан кетпесін,Қазаның оттан түспесін.Маңдайға біткен ырысыңБосағадан кетпесін.Шайың қызыл болсын,Ғұмырың ұзын болсын.Несібең таса..
© Алғыс айту күні
АЛҒЫС БАТАЛАР
Әуелі Құдай оңдасын,Сонан соң Қыдыр орнасын.Тоқсан інген боталап,Тоғыз келін қомдасын.Ұлың он шақты болсын!Қызың моншақты болсын!Қазаның қаспақты..
© Алғыс айту күні
Дастарханға бата
Әумин десең маған,Құдай берсін саған.Аптыннан – жағаң болсын,Күмістен - тағаң болсын.Оң жағыңнан кетпесін,Күрпілдек қара сабаң.Жортсаң жолың..
© Алғыс айту күні
Алғыс айту
Бар екен деп тасыма,Жоқ екен деп жасыма,Еңбек етсең ерінбей,Дәулет келер қасыңа.Көре алмаған дұшпанның,Жүз бітсін жолына.Бақытың жетсін төтелеп,Дүние..
© Алғыс айту күні
Асқа бата
Асың, асың, асыңа,Береке берсін басыңа!Бөденедей жорғалап,Қырғауылдай қорғалап,Қыдыр келсін қасыңа!Сенен байлық өтпесін,Тәңірі берген..
© Алғыс айту күні
Рахмет
Маған жаптың шапан,Көңілде болмасын қапаң.Маған мінгіздің ат,Қыз ұзатып, қызығына бат!Маған атадың жол,Ұл есіріп, мәре-сәре бол!Маған бердің ет,Келін..
© Алғыс айту күні
Алғыс батасы
Пейіліңе қонақжай,Бата берем, қолың жай:Ақ жарылған жүрегің,Қабыл болсын тілегің.Бізге сойдың қой,Үйіңнен кетпесін той.Қызығына қанып,Ішпей-жемей..
© Алғыс айту күні
ШАХ-КӘРІМГЕ АТАСЫНЫҢ АҚ БАТАСЫ
Өмір берсе құдайым,Қызығыңды көрейін.Аман болып ұрпағым,Осылай бата берейін.Бақытты бол бәрің де,Қызыр ата қолдасын.Бақ дәулетің тасқындап,Аман..
© Абдулмахмуд Пошатаев