Бөлім: «Баталар»

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады. Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған. Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
Дастарханға бата беру
Уа, жаратқан ием құдіретТілегімді қабыл ет!Иманымды кәміл ет!Дастарханың молға жайылсын, Аппақ айран, сүтімен. Бар жақсылық орнасын тек, Бақ-береке..
©  Жібек Ысқақова
Дастарханға, асқа бата беру
Уа, жаратқан ием құдіретТілегімді қабыл ет!Иманымды кәміл ет!Ақ дастархан жайылып, Қойылды ас ортаға. Сіңімді болсын астарың, Ағайын-туыс, баршаға...
©  Жібек Ысқақова
Дастарханға бата
Уа, жаратқан ием құдіретТілегімді қабыл ет!Иманымды кәміл ет!Дастарханның байлығын берсін, Отбасының жайлығын берсін. Астарыңыз сіңімді болып..
©  Жібек Ысқақова
Аталар батасы
Көпшілік бата берейін, Қолдарыңды жайыңдар! Осы отырған кілең жас, Қабыл етіп алыңдар! Абай менен Мұхтардай, Білімді адам болыңдар! Аталарың..
©  Жібек Ысқақова
Жас келінге бата
Құтты болсын қадамың, Аллам саған бақ берсін! Қуана түссін жанарың, Бар жақсылық тап келсін! Қосағыңмен қоса ағар, Бар жақсысын нақ берсін! Келін..
©  Жібек Ысқақова
Жас жұбайларға бата
Қол ұстасқан жас жұбайлар! Шаңырақтарың кең болсын, Терезелерің тең болсын! Аспандарың ашық болсын, Қиындықтар қашық болсын! Ақ отауға бақ қонсын..
©  Жібек Ысқақова
Көпшілікке қарапайым бата
Ел-жұртымыз аман болсын, Тыныш, бейбіт заман болсын. Жақсылыққа бастайтын, Мейірімді адам болсын.Бар әлемді жаулап алған, Ауру-сырқау тамам болсын...
©  Жібек Ысқақова
Мүшел 73 жас батасы
Алтыншы мүшел оң болсын, Саулығыңыз зор болсын. Қонаққа барсаң әрдайым, Шығар жерің төр болсын. Көңілдің күйі шаршамай, Қуанышың мол болсын. Аман..
©  Жібек Ысқақова
Мүшел жасқа бата, 61жас
Жаратқан ием жар болып, Арайлы атар таң болып. Бесінші мүшел оң болып, Бар жақсылық орнасын! Әрбір ісі жөн болып, Денсаулығы зор болып, Несібесі мол..
©  Жібек Ысқақова
49 жас, мүшел жасқа бата
Қанекей бата берейін, Жаратқан ием қабыл ет. Қырық тоғыз жас келді, Қабылдаудың қамын ет. Төртінші мүшел жасында, Әрбір ісін жағымды ет. Ашық етіп..
©  Жібек Ысқақова
37 жас, мүшел жасқа арналған бата
Қолдарыңды жайыңдар, Қанекей бата берейін. Қол жайған мына жамағат, Үстем болсын мерейің. Отыз жеті жас келіп, Үшінші мүшел тербеліп, Есікті ашты..
©  Жібек Ысқақова
25 жас мүшел жасқа бата
Қанекей бата берейін, Арта берсін мерейің. Жиырма бес жас мүшелге, Сөз маржанын терейін. Мүшел жасың сыйласын, Жаныңа үлкен қабылет. Раббым Алла жар..
©  Жібек Ысқақова
13 мүшел жасқа бата
Он үш жас келді, мүшел жас, Бақыт берсін, бақ берсін. Бар жақсыны мүшел жас, Бір өзіңе ап келсін. Жамандықты аулақ қып, Жақсылығын нақ берсін...
©  Жібек Ысқақова
Ақ бата, қарапайым бата
Қанекей бата берейін, Бақ-береке орнасын. Әрбіріңді әрқашан, Жаратқан ием қолдасын. Саулықтарың мықты боп, Қанаттарың талмасын. Жорытқанда бір Алла..
©  Жібек Ысқақова
Той жасаған үй иесіне берілетін бата
Құрметті той иесі,Ісіңді тағдыр оңдасын,Қайда жүрсең қолтықтап,Қыдыр бабаң қолдасын!Жамбылға ұқсап көп жаса,Денеңде дерт болмасын,Тойың тойға..
Жаңа жылға бата
Уа, жаратқан құдірет! Жаңа жылда барлық ауыртпалық, қыстамшылық- қиындық өткен жылмен кетіп, жаңа жылда елімізге, әр от басына тыныштық..
©  Шерхан Мұртаза
Ас қайыру
Дастархан мол болсын!Денсаулык зор болсын!Бакыт уйде коп болсын!Кунде, кунде той болсын!
Асқа бата
Сұрасаң бата берейін,Үстем болсын мерейің,Ықыласпен қол жайсаң,Ақ тілегімді төгейін.Дастарханың мол болсын,Денсаулығың зор болсын.Қайда барсаң жол..
Ару болсын
Ару болсын алғаныңАман болсын мал-жаның.Басыңа бас қосылсын.Тойы жағып қалжаның.Ақылмен шаруа бақ,Істің ойлап әр жағын.Мақсатыңа жетпеккеМаңдайдан..
Төріңде жорғаласын Қыдыр ата
Әумин десең, міне, бата.Төріңде жорғаласын Қыдыр ата.Қайда жүрсең жолың болсын,Жолдасың Қыдыр болсын!Қайырлы ғып дәулет берсін,Өмірлі ғып перзент..
Көпшілікке бата
Жарылқа, тәңірім, қабыл ет.Жарылқаудың қамын ет.Бай ет, мамыр ет.Батамды мұстажап ет!Тәңірден не тілесе, соны әзір ет!Бұған Назар, Сәнкебайдың малы..
Адам таппас сөзді бол
Болшыл, болшыл, болшыл бол,Бозторғайдай төлшіл бол.Адам таппас сөзді бол,Ор қояндай көзді бол.Бұрма темір, сом алтынСуға салса батпасын.Тәңір берген..
Ағайынның алды бол
Қабыл болсын Мұстажан,Осы құдай жолыңыз,Мал мен басың тең өсіп,Халықтың алды болыңыз!Шалқар көлдей көп болсын,Қымыз бенен айраның,Айдағысыз малды..
Терең мағыналы бата
Жүзге жетсін түйеңіз,Үш жүз болсын биеңіз.Қолыңнан келгенше,Жығылғанды көтеріп,Сүрінгенді сүйеңіз.Тарығып келген адамғаБермек отқа күйемізБергенді..
Терең ойлы бата
Құдайдың өзі сөйтіп оңдасын!Бес жүз саулық қоздасын,Сексен інген боталап,Сегіз келін қомдасын:Айдап келген жылқыңнан,Алпыс айғыр азынасын:Жиып келген..