Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Апта
Жеті күнім- бір Апта:Жету үшін мұратқа,Апта бойы құр жатпай,Алға қарай бір атта!
Бес саусақ
Бас бармағым - атам, үйдің данасы.Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы.Ортан терек - әкем, отау панасы.Шылдыр шүмек - шешем, шаңырақ ажары.Титтей - бөбек ..
Дала
Көктемде егін егетін,Күзде жиып теретін.Біздің дала – бай дала,Алтын астық айнала.
Бауырсақ
 Апам мені пісірген,Қызыл күрен бауырсақ.Шықпай қояр түсіннен,Біраз жемей сағынсақ.
Балмұздақ
Бал бал балмұздақБал бал балқаймақ.Бал бал балақайҚандай тәтті алақай!
Сүт бердім....
Сүт бердім ботағаШөп бердім бұзауға.Дән бердім шөжеге,Су бердім құлынға.
Ғарышкер
Атым менің Ғалым,Атам менің ғалым.Ағам менің ғарышкер,Тоқтар ағай ғарышкер.
Кішкентай
Кішкентай үлкен емес,Бір, екі, үш, төрт, бес.Кішкентайы секірді,Үлкен бала жүгірді.
Бақа
Бақа, бақа, балпақ,Басың неге жалпақ?Темір телпек көп киіп,Басым содан жалпақ.Бақа, бақа, балпақ,Көзің неге тостақ?Қырдан алыс көп қарап,Көзім содан..
Ойыншықтар
Ойыншықтарды шашпаймын,Түймемді өзім қадаймын.Жуып жеймін үнемі,Алма, алмұрт, шиені.Суды жақсы көремін,Қашанда таза жүремін.
Қуыршағым
Күшік, мысық, балапан,Қуыршағым балақан.Кәне, бәрің тұрыңдар,Ойын сауық құрыңдар.
Балдырған
Біз кішкентай балдырған,Сескенбейміз жаңбырдан.Төбемізде қол шатыр,Алдымызда жол жатыр.
Айгөлек
Айгөлек ау, айгөлек,Айдың жүзі дөңгелек!Айдай толған кезімде,Би билеймін дөңгелеп!Айгөлек ау, айгөлек,Айдың жүзі дөңгелек!Күндей нұрлы шағымдаКүнге..
Ойыншығым робот
Ойыншығым роботтың,Тілін өзім білемін.Жасанды темір адамның,Басқарамын жүрегін.
Ойыншығым торғай
Ойыншығым торғайды,Тракторға мінгіздім.Жер жыртуды үйретіп,Жолсыз айдап жүргіздім.
Ойыншық
Досым маған ойыншық,Машинасын сыйлады.Бірақ оның ішіне,Саусағым да сыймады.
Доп
Ала добым аямай,Ұрсам жерге өршиді.Шығып кетіп қолымнан,Паналады көрші үйді.
Ұшақ
Ұшағым бар ойыншық,Ұщырмасам ұшпайды.Айналам деп аспанды,Шаршағанға ұқсайды.
Көжек
Ойыншығым көжегім,Қорықпайды, қашпайды.Тәтті сәбіз ұсынсам,Ұстай алмай тастайды.
Қонжық
Ойыншығым қонжығым,Анасын да білмейді.Қорбаңдаған аюды,Түсінде де көрмейді
Күшік
Ойыншығым күшігім,Сүп сүйкімді, жұп жұмсақ.Шіренгені болмаса,Отырғандай ұл жұмсап.
Қуыршақ
Ойыншығым қуыршақ,Не берсем де жемейді.Еркелігі соншама,Көтермесем жүрмейді.
Ойыншықтар
Ойыншықтарым көп менің,Бәрін жақсы көремін.Кешке дейін жалықпай,Бірге ойнап жүремін.
Құрастырғыш
Ойыншығым құрастырғыш,Көрсетеді көмегін.Кімге көлік, кімге үй,Құрастырам керегін.
Нан
Нан қоқымын шашпаңдарЖерде жатса баспаңдарТеріп алып қастерлепТорғайларға тастаңдар