Бөлім: «Мақал-мәтелдер»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

«Жақсылық ексең – бақыт орасың.»— Түрік мақалы
«Әркім өз кармасын өзі жасайды.»— Үнді нақылы
«Жамандық жасама, ол айналып өзіңе келеді.»— Жапон мақалы
«Бүгінгі ісің – ертеңгі тағдырың.»— Қытай мақалы
«Адам өз ісінің жемісін өзі көреді.»— Үнді мақалы
«Жақсылық жасасаң – жақсылық қайтады.»— Тибет мақалы
«Не істесең, соны табасың.»— Үнді мақалы (карма ұғымының негізі)
«Біреуге қазған орға өзің түсесің.»— Орыс мақалы
«Жақсылық қылсаң – өзіңе қайтады.»— Парсы мақалы
«Адам не істесе, соның жемісін көреді.»— Түрік мақалы
«Тас лақтырсаң, өзіңе қайтып тиюі мүмкін.»— Жапон мақалы
«Қарыз алған – қайтарады.»— Орыс мақалы
«Жел еккен дауыл орады.»— Ағылшын мақалы (They that sow the wind shall reap the whirlwind)
«Өзіңе қаламайтынды басқаға жасама.»— Қытай (Конфуций ілімі)
«Әр ісің өзіңе қайта оралады.»— Үнді мақалы
«Жамандық жасаған адам жамандық табады.»— Араб мақалы
«Жақсылық жаса – жақсылық табасың.»— Қытай мақалы
«Не ексең, соны орасың.»— Ағылшын мақалы
Қарымта қайтарылмай қалмайды.
Кек сақтама, бірақ қарымтаны ұмытпа.