Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Түйе жисаң, нардан жи,
Жүк қалдырмас жолында.
Сиыр жисаң, тарлан жи,
Сүт пен қаймақ қолыңда.
Түйе тулап, жүктен құтылмайды.
Түйе тулап, жүктен құтылмайды.
Наубайдың көңілі нанында,
Керуеншінің көңілі нарында.
Түйеден жығылсаң,
Түйе шудасын төсейді.
Аттан жығылсаң.
Ат жалын төсейді.
Есектен жығылсаң,
Есек тұяғын төсейді.
Түйе қоң алмай — оңалмайды.
Түйе сүті түгел май,
Қымыранын кертіп іш!
Бие сүті «пай-пай!»
Сары қымызын шертіп іш!
Құнажын деп кемітпе,
Ертең-ақ түйе болады.
Тай, байтал деп кемітпе,
Ертең-ақ бие болады.
Ботасы бар түйелер,
Боздамай от жемейді.
Нар ізін нарша басар.
Нар ізін нарша басар.
Бота ойнақтаса
Молшылыққа.
Тайлақ ойнақтаса
Тоқшылыққа.
Кәрі түйе ойнақтаса
Жоқшылыққа.
Бота ойнақтаса
Молшылыққа.
Тайлақ ойнақтаса
Тоқшылыққа.
Кәрі түйе ойнақтаса
Жоқшылыққа.
Түйенің жолы үлкен,
Аттың жөні үлкен.
Түйенің жолы үлкен,
Аттың жөні үлкен.
Алты айлық жолға арымас
Атан деген көлік бар,
Асып-тасса ағайынын танымас
Адам деген «ұлық»бар.
Алты айлық жолға арымас
Атан деген көлік бар,
Асып-тасса ағайынын танымас
Адам деген «ұлық»бар.
Алпыс күн атан болғанша,
Алты күн бура бол.
Түйе аунаған жерде
Жүк қалады.
Ат аунаған жерде
Түк қалады.
Артқы түйенің жүгі ауыр.
Артқы түйенің жүгі ауыр.
Ауырлықты жер көтереді,
Ауыр жүкті нар көтереді.
Ауыр қайғыны ер көтереді.
«Айтшу» деген атанға сеп,
«Ауп» деген адамға сеп.
Бие мініп тойға барма,
Көкпар шаба алмайсың.
Түйе мініп қойға барма,
Жөндеп баға алмайсың.
Шөлге шықсаң шөл екенінбіліп шық.
Шөл тәңірі сары атанғамініп шық.