Өлеңдер ✍️

  28.09.2022
  105


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Қоржынтүбек

Қоржынтүбек, жаз шыға саған келем,
Құшағыңнан күш-қуат алар денем.
Қойнауыңнан күн сүйіп, жел қақтаған,
Ешбір ақын жазбаған табам ба өлең.
Қоржынтүбек, Балқашқа иек артқан,
Қонар ма екен біздерге кие қарттан.
Бабам бір кез атыңды қойды ма екен,
Тастап кетіп қоржынын түйеге артқан.
Қоржынтүбек, куәсің сан жылыма,
Тұңғыш өзек еттім мен бал жырыма.
Қойды ма екен атыңды бір қария,
Ұқсатқан соң қазақтың қоржынына.
Қысына шыдар түбектің жазына шыдар,
Арқасы бар қазақтың жазирасы бар.


Балқашы бар қазақтың байлығы бар,
Қоржыны бар қазақтың қазынасы бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу