Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  113


Автор: Ғұсман Жандыбаев

НҮКТЕНIҢ ОРНЫ ТУРАЛЫ ОДА

Маржанбысың? Өзiңдi онда iл жiпке:
Екi жерде тұра алмайды бiр нүкте.
Əр нəрсенiң өз орны бар кесiмдi,
Есеппенен шандылған бұл тiрлiкте.
Мейлi, нүкте, бола-ақ қойшы, не дене,
Ал, сонда ше? Еркелегiң келе ме?
Əрбiр нəрсе өз орнында бағалы,
Артық заттың керегi жоқ кемеге.
Ережеге əсте көнгiң келмесе,
Орын алғың келедi өзi сен неше?
Формуладан жаралғансың, сен қалқам,
Формуламен матаулысың ендеше.
Нүктемiсiң? Орныңды бiл. Жiпте бол.
Орын таппау – емес, демек, түк те өнер.
Ағып түскен планета секiлдi –
Өз орнынан тайып кеткен нүктелер




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу