Өлеңдер ✍️

  20.09.2022
  97


Автор: Ғұсман Жандыбаев

Қысқы кеш

Паңдық пен кербездiк бар кескiнiнде,
Ақ көйлек киген дала сестi мүлде.
Дүние сұлулығы сұқтандырып,
Жас қиял шарқ ұрады кешкi iңiрде.
Күткендей аяулысын қалаулы бiр,
Сергек тұр алабұртып жалаулы қыр.
Кешкi күн шұғыласы қарға түскен –
Арудың бетiндегi алаулы нұр.
Сол нұрдан от тұтатып қырдың көзi,
Ғажап-ау албыраған бұл бiр кезi.
Жүзiне тiк қарауға қыстың аппақ,
Қымсынып тұратындай Күннiң де өзi..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу