Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.09.2022
292
ДОСТАРҒА
Достар, достар, тілектестер,
Бір ұядан ұштық түлеп.
Армандастар, ниеттестер,
суымайды ыстық жүрек.
Достар-достар, сырластарым,
Күндей күлген көңіліміз.
Құрбыларым, құрдастарым,
Гүлдей әсем өміріміз.
Асқарларға қанат қағып,
Асаулармен жағаластық.
Білім іздеп талаптанып,
Еңбекке де араластық.
Жолға шықсақ сапарласпыз,
Бөлінбейді тағдырымыз.
Сапқа тұрсақ қатарласпыз,
Мәңгі бірге ән-жырымыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter