Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  232


Автор: Ақылбек Манабаев

ҰЛЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІГІМ

Қарамаймын байлығыңа,тегіңе,
Бас имеймін атағыңа, шеніңе.
Ақ көңілмен ақтарыла келсең сен,
Құшақ жайып шығарамын төріме.
Сырыңды айтсаң таңыңды ашып жаз абат,
Соған тоям, бәлсінбеймін мазалап.
Қымбат маған Алатаудай алтыннан
Қасымдағы қарапайым азамат.
Жүр,дейсің бе, қолтығыма тығылып,
Ұсақтығың,емес мұның ірілік.
Сүйесең де қауқарсыздар жығылар,
Төменнен де танылады ұлылық.
Неге керек кердеңдеген құр кеуде,
Өз жолы жоқ сүйенеді сүрлеуге.
Хақылысың қосылмауға жарысқа,
Ал хақың жоқ озғандарды күндеуге!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу