Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  252


Автор: Ақылбек Манабаев

ӨМІР ТАРТУЫ

Мәңгі сүйіп өтсін деп,
Тіршілік маған жүрек сыйлады.
Өмірде гүлдер ексін деп,
Құрыштай мықты білек сыйлады.
Анам маған ақ сүтімен,
Адамдықты сыйлайды.
Достарым маған жақсы ісімен
Адалдықты сыйлады.
Жазира далам-гүл бағым,
Кеңдігін маған сыйлады.
Тауларым, асқар шындарым,
Өрлігін маған сыйлады.
Алғашқы жауған ақша қар,
Пәктігін маған сыйлады.
Сағынып сүйіскен ғашықтар,
Шаттығын маған сыйлады.
Кенеліп жаным бақытқа,
Өгейлік көрмей ешкімнен.
Ілесіп ұшқыр уақытқа,
Арманшыл болып өстім мен.
Болмаса да асқан ерлігім,
Арқалап ауыр ел жүгін.
Өтеуін сол бір сыйлардың,
Қайтарып жүрмін мен бүгін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу