Өлеңдер ✍️

  17.09.2022
  229


Автор: Ақылбек Манабаев

ХАТ

Бұлқынып, бұла сезім мөлдіреген,
Көтеріп ұшты өзіңе тілегімді.
Қиналдым, бір сені аңсап, елжіреген,
Қағазға түсіре алмай жүрегімді.
Әнімен әлдилеген дала-қырды,
Үн қосып бұлбұлға – таң жаршысына,
О, сәулем, жаздым мұны қаламымды
Матырып жанарымның тамшысына.
Жүрсің-ау қарайлаумен жолыма көп,
Төзе тұр, жетем болып гүлді көктем.
Хат емес бұл, қона қалған қолыңа кеп,
Жанымның жапырағы дір-дір еткен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу