Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.09.2022
192
БОЗ ТОРҒАЙ ЖҮРЕК
Бидайық шидің басына,
Қона қап еппен жеп-жеңіл,
Боз торғай құсым асыға,
Шырылдаушы едің шер көңіл.
Тоғысқан дайым қос үміт,
Өзектес өмір баяның.
Екеуіміз ылғи қосылып,
Шырқаушы ек бірге дала əнін.
Опасыздар да түбінде,
Тыңдайды бізден тағылым.
Торғай мен менің тілімде,
Ел мен жер сенің тағдырың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇