Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  67


Автор: Пәридә Манапқызы

Өтсең еді сынатпай

Талай-талай жазсам-дағы жақсы жыр,
Әз басыңа тең келмей-ақ жатты бір.
Сені ойлаған шақтарымда әйтеуір,
Ақ жүзімді бір әдемі жапты нұр.
Сағынышты әндер шырқап жүрсің бе?
Мұңайуға еш хақың жоқ күрсінбе.
Бұл тірліктен кейігенде кей мезгіл,
Қуантатын шаттығыңмын, күлкіңде.


Өмір өзі тіршілікте сынақтай,
Өтер бәлкім ағып түскен сынаптай.
Бір тамаша көрген түстей елес боп,
Өтсең болды маған ғана сынатпай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу