Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  152


Автор: Науат Шантубайқызы

Жалғыз арман

Жалғыз ай, жалғыз аспан, жалғыз ғалам,
Күн батып жұлдыз шықты андыздаған.
Шығыс жаққа қарадым күреңіткен,
Бір жұлдыз жаудырайды жалғыз маған.
Мен де оған жаудырап, ол да маған,
Мынау бір қасырет қой ойламаған.
Жүрегім жүдеуліктің күйін кешіп,
Көңілім толған түпсіз арман.
Жүкті боп қызығы жоқ қиындыққа,
Денем суып, қалмады қызулық та.
Мені сүйген ғашығым баяу басып,
Қып-қызыл кіріп кетті шымылдыққа.
Қыбырсыз, төзімімнің төсегінде,
Ойлардың бастырылып кесегіне.
Шырақ сөніп, тұншығып қара түнде,
Жаттым мен бір топ жанмен бөтен үйде.
Жаттым мен бір топ жанмен бөтен үйде,
Көңілімді медет бар ма көтеруге?
Жалғыз жұлдыз көңілімде жалғыз арман,
Телміріп саған ғана өтемін бе?
Сені ғана қимаспын кетерімде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу