Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  160


Автор: Сағыныш Намазшамова

Көтерілді түн пердесін түре күн...

Көтерілді түн пердесін түре күн,
Сыр білдірмей сырғып кетті сынған Ай.
Түнге ілесіп кетіп қалды жүрегім,
Тоқташы деп жалынып ем тыңдамай.
Мейлі, барсын,
демалайын мен де бір,
Ол бар болса жаным менің шыр еткіш.
Жүр ғой талай қуыс кеуде пенде кіл,
Қуыстықтан өзге жанды жүдеткіш.
Шын ояндым.
Соғып тұрды өңірім,
Шапағымен таң да арайлап атыпты.
Бір бақытты болса менің өмірім,
Сол мазасыз күндеріммен бақытты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу