Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  218


Автор: Сағыныш Намазшамова

Сырнай тартты сиқыршы...

Сырнай тартты сиқыршы,
Билеп тұрды бір жылан.
Іс емес пе қитұрқы
Оның несін жыр қылам.
Сылқым болды сылқылдап,
Сипап еді басынан.
Сиқыр сырын сырт ұрлап
Сонадайға тасыған.
Білмей жүрген жайт па екен,
Қызық боп па биі осы.
Тамашалап қайтты екен,
Қанша тойдың иесі.
Сырнай сазы таусылды,
Төкті жылан бар уын.
Сиқыршыға жау сынды
Сілтеп жатыр қаруын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу