Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  87


Автор: Талап Қараш

Жолдарың болсын қырандар

Меделхан Қонысбаев көкеме
Көңіл көзімен бәрін көреді,
Бойында бар мол өнері.
Сөйлесе шерін ақтарып,
Қабырғасын ойдың сөгеді.
Сырнайын қолға алады,
Құйқылжыта сазға салады.
Өзі бір академия-шежіре
Өткізген әрбір сабағы.
Жасымайды ғашық жүрегі,
Ел менен жер ғой тірегі.
Сейілсе екен «жіберген»,
Жаратқанның қара түнегі.
Шықпыртар кейде інісін,
Ұқсатпай қойса бір ісін.
«Құрманбектің» баласы,
Сөздің айтар дұрысын.
Жолдарың болсын қырандар,
Бала жүректер сыр аңдар!
Зағип дүниенің сырларын,
Ағамнан келіп сұраңдар!
Жолдарың болсын қырандар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу