Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  76


Автор: Талап Қараш

Элегия

Музыкант қызым Айданаға
Қызым келді Мәскеуден, қызым келді,
Артқа тастап сұстылау қызыл белді.
«Арфасымен» оятса толқын күйін -
Домбырамнан теңіз күй үзілмейді.
Сағыныштың көз жасын іркіп қалдым,
Бүр жарғанын көрдім де бір түп талдың.
Өнер - білім мұхитқа құлаш ұрып,
Қолдан бермей намысты жыртып қалғын.
Қанипа әжең әлдилеп алған сені,
Немерем деп ең алғаш қанған шөлі.
Ұзақ таңға сыр толғап, қалам тербеп,
Үзілмес жыр сапарын жалғаушы еді..
Қызым келді алыстан,қызым келді,
Бетке ұстап тәуелсіз қызырлы елді.
Қызыл қайың ырғалып қыр басында,
Қоңыр қазын шақырған күзім келді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу