Өлеңдер ✍️

  10.09.2022
  95


Автор: Тұрсын Жұмаш

КҮНДЕРІМ

Ғашық болған күндерім-ай, күндерім
Менен асқан болды дейсің кім керім.
Қос шумақтай қос із қалып ақ қарда,
Көкжиекке сіңіп жатты... білмедім...
Бетім тосып моншағына жаңбырдың,
Тасқа қашап өлеңімді қалдырдым.
Көтеріліп Балқантаудың басына,
Өшіп қалған жұлдызымды жандырдым.
Өшіп қалған жұлдызымды жандырдым,
Сен адасып кетпесін деп, жан құрбым.
Демеймін мен, неге сонда келмедің,
Демеймін мен, көңілімді қалдырдың.
Ғашық болып жүрек сырын шертеміз,
Қызық күнмен қоштаспайық, ерте біз.
Ертеңіме ертегідей сендірген,
Аман болшы, еліктей сол, ерке қыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу