Өлеңдер ✍️

  09.09.2022
  106


Автор: Кәрім Жұмағалиев

Қайта құру

Бүгінгі күн талабы, қайта құру,
Қайта құру, жаңаша өмір сүру.
Қалтқысыз жұмыс жасап халқың үшін,
Еңбексіз мал табуға қарсы тұру.
Революциямен тепе-тең, қайта құру,
Қайта құру, өмірде таза жүру.
Саудагер мен парақор, жемқорлардың,
Тамырына шапқылап балта ұру.
Кемшілікпен күресу, қайта құру,
Қайта құру, шындықты айта білу.
Жұмыста, сын түзелмей, мін түзелмес,
Жақтырмаймыз көз бояу сөзді сұлу.
Үнемдеу саясаты, қайта құру,
Қайта құру, айтылған сөзде тұру.
Сөзбен істің арасы, алшақ болмай,
Өнімді молайтумен алға шығу.
Халқымның талпынысы қайта құру,
Өтіріктен, шындыққа бетті бұру.
Қолдаймыз қайта құру саясатын,
Болмасын кейін қарай жалтарылу.
Қызылорда. Желтоқсан, 1985 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу