Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2022
162
Мен сені түсінбей келем
Мен сені түсінбей келем,
Назардан түсірмей келем...
Топпен жүрсең, шаруашыл – отыншы,
Жалғыз қалсаң, алтын зермен тоқушы.
Мүридтердің ортасында – мұғалім,
Мұғалімдер ортасында – оқушы.
Көппен жүрсең, мінезің тым ауыр дер,
Жалғыз болсаң, жайтаң қаққан жауынгер.
Ұстаздардың арасында – шәкірт те,
Шәкірттердің арасында – тәлімгер.
Жұртпен жүрсең, қаңқылы көп құс қаздай,
Даралансаң, шебер қолы іспаздай.
Тәрбиеші ішіндегі – үйренгіш,
Үйренгіштер ішіндегі – ұстаздай.
Азайтып айтқанда, жартысын – кемін,
Әзірше менің бар түсінгенім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter