Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  113


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Сонау бір қою шатқалдан аю ақырған...

Сонау бір қою шатқалдан аю ақырған,
Қабандар қаптап, шалғын шөптерін жапырған.
Құлама құздар қардың суларын сапырған,
Орқояндары қорғасын оқтай атылған.
Бала күнімде бәрінен соның селт етпей,
Достарымды ертіп(олар да мендей тентек қой),
Қарақат теріп кетуші едік елпектей,
Күн кешуші едік көрмеген естіп ертектей.
Балалық деген батырлық екен тым бөлек,
Еркін әлемде еркіндей өмір сүрген ек.
Кесапат келіп кеудені кеулеп күнде кеп,
Көрсоқыр тірлік жанымды кетті-ау күрмелеп.
Жалт беріп мынау жалғандықтардан қашсам ба,
Атыма қонып алты қырқадан ассам ба.
Қара қос тігіп сондағы қою шатқалға,
Әніме салып ен жайлап жалғыз жатсам ба?!
21 қазан 2004ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу