Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  164


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Құшағыңда

Жіпселенген жібек сезімді жия алмай,
Кешегі ыстық құшағыңды қия алмай,
Бүгін тағы құшпақшымын ұялмай.
Ұят емес, ол – ғашықтық өр сенім,
Жалғыз қайтем, өзіңі жоқта келсе мұң,
Құшағыңда құтқарылам мен сенің.
Суық үйде, суық дене, суық жан,
Жанымды кеп жылытсаңшы суынған,
Айырмашы құшағыңда жылудан.
Барқын тартып жаттым бүгін жан өлкем,
Құшағыңды сағындым ғой жан еркем,
Сұп-суық боп тұрам ылғи тәңертең...



1 қаңтар 2000жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу