Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  70


Автор: Ермұрат Зейіпхан

О, көңілім, күй текшем...

О, көңілім, күй текшем,
Сахнам – өзіңе оралдым.
Қаншама мен қасірет шексем,
Жандым және жаңардым.
Сағынып қалыппын тозаңын,
Жұтайын қаптыра қолқамды.
Азабын қуып беймазаның,
Жазайын құрысқан арқамды.
Сан шырақ астында сансырап,
Ұмытайын кезенген тәлкекті.
Бабамның жанында қансырап,
Кешейін өткенді, ертекті.
О, ғажап көңілім, күй-текшем.
Сахнам – ұрпағың келді, әлгі:
Боздаған ботадай бір шеттен,
Өзіңнен басқа енді нем қалды?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу