Өлеңдер ✍️

  07.09.2022
  104


Автор: Ермұрат Зейіпхан

РОЗА РЫМБАЕВАҒА

О, жалауым!
Қасиеттi алауым!
Теңiздегi кемешiге
Мәнi қандай жағаның?
Балауы жоқ бал әнiм.
О, құрсүлдер!
Жүрек тынбай дүрсiлдер.
Дүрсiлдер де – құрсүлдерге –
Тынбайтынын бiлсiн дер.
Қайратына мiнсiн дер.
О, дүние!
Дүниеге кiм ие?
Қарға адым бұл жалғанда –
Көз құртының құлы ие!
Басар байлық биiне,
О, тәттi әуен!
Сол ғой алтын тақ деген,
Дәргейлесе алмас ешкiм,
Саған бiткен бақпенен.
Әдiл екен Хақ деген.
О, абаттың –
Көгiндегi қанаттым.
Самға, тал ма, сайра, бұлбұл,
Керне әсем алапты үн.
Шуағындай жәнаттың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу