Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
164
ҰЛЫ БОЛҒЫН ХАЛҚЫҢНЫҢ
Дүниеге келдi бiр бөбек,
Жазылар бүгiн жыр бөлек.
Iңгәлап шыққан дауысы
Шаңырақты нұрға тұр бөлеп.
Өмiрдiң мынау жалғасы -
Кiшкентай сәби болмашы.
Анасын iздеп қарманар,
Тiрлiкке ие болғасын.
Атасының мирасы,
Әжесiнiң қимасы.
Бар бақыты әлемнiң
Тал бойына сыйғасын.
Арманысың атаңның,
Тiршiлiкке талпындың.
Бабалардан бата алып,
Ұлы болғын халқыңның.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇