Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.09.2022
246
Әкеме
О, Әке, сенен ұлы асылым жоқ,
(Барады өзекті өртеп қапырық от.)
Қарлы өмір қатулықпен қымсынбай-ақ,
Қырауды әкелген бе басыңа үрлеп.
Пенде боп басқаларға бас ұрмадық,
(Себебі біздің баба асыл халық! )
Білдім-ау қартаң тартып қалғаныңды,
Тұрғанда, жаным Әке, шашыңды алып.
Басымда тұрған бақты танымаппын,
(Бекерден бос әйтпесе налымақ кім?)
Шашыңды көріп, Әке, ойға қалдым,
Амал не түстен кейін маңыраппын.
Шіркін-ау, қайда қалды бала арманым,
Көз алда көріністен алаңдадым.
Жан Әке, кешіре гөр, әр тал шашың,
Білмеппін ұрпақ үшін ағарғанын.
Тілегің, берген жолың салып маған,
Бағытым Темірқазық шарықтаған.
Бабадан жеткен мирас-тектілігің,
Қалпында тариыхқа алып барам!!!
27 шілде 1999 жыл
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter