Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  123


Автор: Сәруар Қамаева

ҚАЗЫБЕК ІНІМЕ

Төрт құбылам – түгелім
Төрт қабырғам – тіреуім.
Құладың бүгін біреуің,
Тоқтады да жүрегің.
Келмейтініңді білемін,
Іш жылап, сыртқа күлемін.
Төбемдегі төрт жұлдыз,
Ағып та түстің біреуің.
Өзіңсіз атты таңымыз,
Өзіңсіз батты күніміз.
Шерменде жүрек шер төккен,
Дертті де жанның біріміз.
Көрікті едің, көркем ең,
Соңымнан ерген еркем ең.
Ақ жүзіңді жаптың-ау
Сұп-суық қара көрпемен.
Қос балапан ұяда,
Жете алмай қалған қияға.
Зар-мұңымды шағайын
Ақ қағаз бен сияға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу