Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  137


Автор: Сәруар Қамаева

ЖЕЛТОҚСАН

Ерлігімнің алауында – Желтоқсан,
Елдігімнің жалауында – Желтоқсан.
Жылдар өтсе тұрар мәңгі жаңғырып,
Ғасырлардың санауында – Желтоқсан.
Тәуелсіздік жалауы желбіреген – Желтоқсан,
Қыз-жігіттің жанары мөлдіреген – Желтоқсан.
Қайғы-мұңға кеудесі толғасын да Желтоқсан,
Аналардың айналған көз жасына – Желтоқсан.
Қазағымның бүгінгі санасында – Желтоқсан,
Ұлан-ғайыр, кең-байтақ даласында – Желтоқсан.
Теңдік үшін күресі жастарымның – Желтоқсан,
Болып өткен Алматы қаласында – Желтоқсан.
Темірқазық түбірлі байлауында – Желтоқсан,
Күш-жігердің кешегі қайнауында – Желтоқсан.
Жүректерде жарасы жазылмаған – Желтоқсан,
Тарихымның тереңі, қойнауында - Желтоқсан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу