Өлеңдер ✍️

  04.09.2022
  300


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

Карта ойыны

Қолыма мен қарайын, сен де қара:
Алпыстан асса дағы пенде– бала.
Ойында кім жеңеді, ол белгілі,
Қолымда менің– Валет,
Сенде– Дама.
Әйелің неткен әсем ханша еді!
Құдай-ау,қалай маған таныс өңі?
Осындай перизатқа меде ынтыққам,
Жүрегім әлі соданқан ішеді.
Мұз едік, қыз деп еріп,қыз деп жібіп,
Болғанбыз біз де – сері, біз де – жігіт,
Әйелдер – талаққылып талай ерді,
Табады сендей сұмды іздеп жүріп!
Бұл ару заманында асып-толған.
Қажығанғашықтардын, асықтардан.
Тұлданып талай еркек ішіп кетіп,
Мұңданып талай ақынғашық болған.
Сабындайқамшыныңғұмырында,
Жүрген ол елдің сыбыр-жыбырында.
Буынып өлген небір шәйттердің,
Бұлдыр бір елесі жүр бұрымында…
Кеудесін жұбайыңның кернейді өлең,
Жүзінеқарай да алмай, терлей берем.
Бұл ханым сүйсе дағы Есенинді.
Жер мен Көк – сенің араң Сергейменен.
Е,қойшы, соны-дағы күйік деп пе ең?
Еңсеңді сенің басқа биіктеткен:
Пушкиннің жесірі де, ол тџгілі --


Оқалы генералға тиіп кеткен!
Қаладан мынау бикеш далаға кеп,
Көгалға аунаймын деп салады әлек,
Бұл үйге Качаловтың иті кірсе,
Қорқамын бас сап, қауып ала ма деп.
Қолыма менқараймын, сен де қара:
Алпыстан асса дағы пенде-бала.
Ойында кім же ңеді, ол – белгілі,
Қолымда менің – Валет,
Сенде – Дама.
Ұстаймыз қызып кеткен шекемізді,
Тәңірі тауып қос қан екен бізді:


Көздірдің тұзы – сенің әйеліңде,
Әлі естен тандырады екеумізді…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу