02.09.2022
  313


Автор: Жанат Әскербекқызы

Сезімтал менің сенімім...

Сезімтал менің сенімім,
Сүрініп неге кетпейсің?
Кінәмшіл менің көңілім
Түңіліп неге кетпейсің?
Үркектеу едің, үмітім,
Үгіліп неге кетпейсің?
Солып та қалған сезімім,
Қайтадан несін көктейсің?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу