Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  63


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ЭРОЗИЯ

Жақпар-жақпар тастар-ай,
Шың едiң ғой басы бұлт.
Көрiк берген заңғарға,
Қырандардың тұрағы ең.
Өрмелеушi ем асығып,
Сызат берген таңдарға
Қарау үшiн мына мен,
Ендi аяққа бас ұрып,
Жатырсыңдар шашылып,
Жылан жықпал аңғарда
Қотырланып қынамен.
Жылынады жыландар
Жылжып келiп қасыңа.
Құйын қанат қырандар
Қонбайды ендi басыңа.
Жақпар-жақпар тастар-ай,
Күн мен желден сұраңдар –
Өмiр деген осы ма?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу