Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.08.2022
155
АЛАТАУ
Түнедiк тауда.
Таң жақын,
Тұрлаусыз екен тауда түн,
Иектiң жатыр астында
Иiрген қойдай Алматың.
Райлап көктiң қабағы
Iңiрден iрең тарады.
Үркер де үркер жұлдыздар
Үйiрлеп үркiп барады.
Жатырмын шөпте шалқамнан,
Жер сызы өттi арқамннан.
Құбыладағы қом бұлттың
Күнгейiн күптеп өрт алған.
Кеудесiн нұрмен күрмеп бел,
Кемерге қонды күн – кептер.
Арқамнан өткен сызымен
Ыстық қой маған бұл бөктер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇