Өлеңдер ✍️

  29.08.2022
  78


Автор: Мақпал Жұмабай

Сәлеметсің бе?

Бағыну, әлде, керек пе?
Жапырақ жауды биыл да.
Сәлеметсің бе, жүрекке
Жымиып кірген жиырма
Ойландым. Небір ой кештім.
Есейіп қаппын. О, тоба
Көбелек қуып шалдыққан
Балалығым жүр жотада!
Шығарып салу – салтым ед.
Маза жоқ менде кешелі
Сол құстар енді мен жаққа
Қарайламастан кетеді.
Бұл емес мұңның үлкені:
Үміттеріңді жалғаймын,
Сонда да сенің, жылдарым,
Соңыңнан қала алмаймын!
Қайтсең де, өмір, қайсармын,
Батырмын, нағыз батырмын,
Жиырма жыл бойы, себебі,
Сары ала таңды атырдым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу