Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  126


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ТРИПТИХ

1
Тірі жаннан айыл жимай өсіп ем,
Керемет бір еркіндікке кенеліп,
Алаш дейтін ұлы ананың төсінен
Ақындық пен тентектікті тел еміп.
2
Манаураған рақатқа кенеліп,
Кезігемін күнде ішмерез малғұнмен.
...Ақындық пен тентектікті тел еміп,
Асқақ болмай, баспақ болып қалдым мен.
3
Көзімді ілсем көретінім не кілең?
Маған қарап, арыстандай жүрегі, –
Сұмырай мен сұмды сойған шетінен
Иманжүсіп неге қарқ-қарқ күледі?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу