Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
152
Ел болсақ дейміз есінеп....
Ел болсақ дейміз есінеп,
Естімейтіні несі деп.
Алашты Алла кешіред:
«Кіреді ақыл-есі...» деп
Ертеңім – бұлдыр, үмітсіз,
Елдікке елім – құлықсыз.
Ұлдарым мынау – уытсыз,
Қыздарым анау – қылықсыз.
Ерлерді қырып, қалай біз
Ел болдық ғайбат сөзге еріп?
Игі жақсыға қараймыз –
Ит көрген ешкі көзденіп!
Боламын десең пақыр бір
Құлақта жүрер нақыл бұл:
Дарынсызыңды – ақын қыл,
Ақымағыңды – әкім қыл...
Төскейде – малы,
Төсекте – басы тоғысып,
Жат сүрер болса өріне,
Өзіңмен өзің соғысып, –
Өзгені шығар – төріңе!
Ел болсақ дейміз есінеп,
Естімейтіні несі деп.
Алашты Алла кешіред:
«Кіреді ақыл-есі...» деп...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇