Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  86


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ТҮСІНЕСІҢ БЕ ӨЛЕҢДІ

Түсінесің бе өлеңді,
Түсінбейсің бе өлеңді,
Бұл жайыңды білмеймін
Көрсем де күнде төбеңді.
Ағызып саған жыр майын,
Сөзімді жырмен жырлайын.
Аталған соң туған күн
Қарадан қарап тұрмайын.
...Уыстап қолға теңгені,
Бір қыздың маған келгені,
Сені айтып туған күніне
Жинаймын ақша мен"- деді
Көрдім де сонда теңгені,
Бір ойдың басқа келгені
Парасатты тұлғалар,
Теңгеге ұсақ тең бе еді?.
Сөйлесең сөзі өтетін,
Кісілігі жететін.
Қопарғанымен тауыңды
Қарапайым ед өте тым.
Біз бірақ жете білдік пе?
Төтеннен жолды таба алған,
Қасиеті бар сан алуан,
Жігіттің ерен жомарты
Мәрттіктен биік жаралған
Біз Оны жете білдік пе?
Меңгеріп биік саланы,
Алып жүр жақсы бағаны.
Ауғаннан аман оралған
Отты кешіп табаны,
Біз Оны жете білдік пе?
Намысын қолдан бермеген,
Екі сөзге келмеген.
Азаматтың бағасы
Өлшене ме теңгемен..." -дедім де өлең арнадым,
Осыған жетті талғамым.
Азамат бол, биік бол,
Осыңнан тайма, Тарланым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу