Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  102


Автор: Нұрлан Қалқа

Досыма сыр

Досым мені сөкпе сырттай, жарай ма?
Барып шығам көп кешікпей қалайда.
Кейбір жандар арамызға түссе де,
Саған деген көңілім-көл, шарайна.
Мысық тілеу торлап алмақ жолымды,
Созсамдағы саған қанша қолымды.
Қасгөй пиғыл адастырмақ болады,
Танысам да оңым менен солымды.
Мінің ұмыт, табысыңмен мақтанам,
Өн-бойыңнан тек ізгілік, бақ табам.
Өсек сөзге ерік бермей келемін,
Жақсың болса, нəр аламын, шаттанам.
Жеңді менің аппақ арым, ниетім,
(Дос налыса маған ауыр тиетін).
Пенделіктен биік тұрдым осылай,
Кейбір жандар қазанында күйетін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу