Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  67


Автор: Нұрлан Қалқа

Сенiм-соқыр, ашындырар сол ғана...

Сенiм-соқыр, ашындырар сол ғана,
Көңiл-боран ұйытқиды долдана.
Ар-таразы кiмдi жақтар беймəлiм,
Iзiм-ғайым жүрiп өткен жол мана.
Сезiм-соқыр, ниет-қара, ой-харам,
Бейне қорқау бөккен қанға тоймаған.
Қастық қылып қандасына қаншама,
Жүндей түтiп жiберудi ойлаған.
Адам-қасқыр, талап жатыр бiр-бiрiн,
Қызғаныш қып пенденiң аз тiрлiгiн.
Қазған орға бiр күн өзi түсерiн,
Ойламастан думандатып жүр бүгiн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу