18.08.2022
  292


Автор: Қазақ ұлттық ойындары

КҮМІС АЛУ

Бұл ойынға қатысу үшін нағыз ат құлағында ойнайтын шабандоз болу керек. Себебі ойынға қатысушылар қатты ағынмен шауып келе жатқан аттың үстінен еңкейіп, жерде ораулы жатқан күмісті іліп алуы тиіс. Сөз жоқ, бұл оңай іс емес! Сондықтан ойынға қатысушыларға атқа шаба білу ғана жеткіліксіз, яғни оған ержүректік пен шапшаңдық қасиеті қоса керек. Сонымен қатар, «күміс алу» ойынына кез келген ат жарай бермейді, оған бойы аласалау, тіпті аласа, орташа іріліктегі аттар пайдаланылады. Бәй геге қосылатын еңселі аттар мұндай ойындарға жарамайды.


 


«Күміс алу» ойынының тәртібі бойынша екі көмбенің ортасына бірнеше жерге шүберекке оралған күмістер тасталынады. Ойынға қатысушылар бір көм беден екінші көмбеге шауып өткен жолында жерде жатқан күмісті еңкейіп іліп алулары керек. Осылайша кезекпен ойыншылардың барлығы бір-бір реттен өтіп шыққаннан кейін, егер олардың ешқайсысы жүлдені іліп ала алмаса, онда екінші көмбеден кері қарай ойынды қайта бастайды. Сөйтіп, жердегі күміс алынғанша ойын жалғаса береді. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу