Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  87


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Мақта қызға

Соны ұқтым бүгін ғана,
Сертімді сан ұрлаттым.
Мүмкін, мен шынында да,
Қате ұғымы шығармын табиғаттың?!
Сұрайтын жиі Алладан,
Тылсымға еніп кірсем.
Талай түн қиялыма сыя алмаған,
Өмірдің өзі болып жолықтың, сен.
Жырымның шығар, мәні,
Сырыма құлақ тұнса.
Неге керек, жүз жүрек жұбанғаны,
Ең аяулы жүрегім жылап тұрса?
Өксіген өз жанымды,
Өзімнен бетер ұқтың.
Сағынышқа оранған саздарымды,
Сырнайымен әрледім қателіктің.
Өмірім емессің бе,
Көңілім талаулы еді?
Бермеймін.
Бере алмаймын сені ешкімге,
Жүрегімнің мәңгілік алаугері!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу