ҒАЖАЙЫП ТАЯҚ
Мұнда ойнаушылар санына шек қой- ылмайды. Олар қол ұстасып, дөңгелене шеңбердің бойында тұрады. Ойын жүр- гізуші қолына таяқ ұстап, шеңбердің ор- тасына шығады да, ойынның тәртібін түсіндіреді. Жағалай жүріп ойнаушы- лардың әрқайсысына реттік нөмірлерін айтып шығады. Сосын жүргізуші қолын- дағы таяқты жерге тігінен қадай ұстап тұрып, кез келген санды атайды да, таяқты қоя береді. Мысалы, төрт... Сол кезде төртінші нөмірлі ойыншы тез жү- гіріп барып таяқты құлатпай ұстап үл- геруі тиіс. Егер байқамай қалып, неме- се жай қимылдап жүріп таяқты құлатып алса, онда ол ортада тұрып, өз өнерін көрсетеді. Өлең айтып, би билеп, дом- быра тартуы мүмкін, әйтеуір не керек, көптің айтқан талабын орындайды.
Ал егер әлгі төртінші нөмірлі ойыншы
таяқтың қасына дер кезінде жетіп ба- рып, оны құлатпай ұстап үлгерсе, онда ойын жүргізушімен орын ауыстырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter