Өлеңдер ✍️

  16.08.2022
  74


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ұлы абайды ұлықтап...

Қаңқу сөзден кей-кезде, шаршап кетем.
Санамызды өзгертіп алсақ па екен?
Жалған өмір бір күні өтерсің-ау,
Өтпейтіндей көрінер мансап деген.
Мансабың ба?
Бір күні жоғалады.
Жоғалса жоғалсыншы одан әрі.
Мәшһүр Жүсіп болжаған, бақыт күндер,
Түбінде айналып бір оралады.
Тек деген,
Қасиетті ұғым мықты.
Азатпыз,
Желбіреген туым мықты.
Құдай ұлық, түбінде бір ұрпағың,
Епті болар,
Құрайтын туырлықты.
Көнеден сөз ұқпайсың халық неткен?
Абайым, сол уайымнан жанып кеткен.
Әбдірахман, Мағауия өлгеннен соң,
Сол қайғы,
Өр Абайды алып кеткен.
Өр Абай,
Ұрпағың да, тегің асыл.
Өтірік өрге баспас, шегі ғапыл.
Мағауия жазған еді, ойласаңыз,
Неткен құнды шығарма Медіғат-Қасым.
Хабарым бар Мәшһүрдің тарихынан.
Сенгені, ұстанымы діни құран.
Әбіш те, Мұхаммедәмен Тәшкенде өлген,
Дәурені жүріп тұрған дін ислам.


Асыл ұлы өлді ғой бар ма амалы,
Дінсіздердің қолынан жалдамалы.
Көріпкел алдын болжап аяқ тартып,
Түсінікті Тәшкенге бармағаны.
Жын-пері, шайтанның арбағанын,
Бармады, біліп тұрып, бар ма амалы?
Тәшкенге жүремін деп тұрған беттен,
Тәшкен емес, Семейге қамданады.
Бақ келер,
Қағып тұрып есігіңді.
Түзетші,
Түзеп жүрші бесігіңді.
Бүкіл ұлтқа күйесін жақпас қазақ,
Өйткені қазақ жұрты кешірімді.
Қонаққа айқара ашып есігімді.
Естінің есі кірді,
Несі мұңды?
Хан Кененің көршілер басын алдың,
Сұрамадың бірақ та кешірімді.
Тарих шындық шырылдар, айтары бар,
Тарихты жазып жүр-ау қайта құрап.
Қазақ елі түбінде өрлейміз-ау,
Хан Кененің «Хан басын» қайтарып ап.
Абаймен қарап тұрсаң бағаң асыл.
Абай ұлық,
Туса да жаңа ғасыр.
Ол жалғыз,
Ол ерекше әуре болма,
Таба алмайсың,
Таппайсың баламасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу