Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  171


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Таңғы тілек

Бойыңызда болса егер иманың.
Ұрпағыңа бұйырады жиғаның.
Аллаға сен,
Медет берер сол ғана,
Содан кейін ата-анаңды сүй жаным.
Жақсы ойлармен сілкілеп ал санаңды.
Жарыңды сүй,
Әлпештегін балаңды.
Ағайынның жанында жүр сыйласып,
Ажыратып алмағайсың араңды.
Көн жарасын жаба тоқыр жауырдың,
Кейбіріне үлгі боп жүр қауымның.
Хал сұрасып, хабарласып ұмытпай,
Қал-жағдайын біліп тұршы бауырдың.
Қабыл болсын,
Таңғы мына тілегім.
Жақсы тілек жарым ырыс білемін.
Таңда тұрып,
Жарылқа деп, Е,Алла,
Мен халқымның амандығын тіледім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу