Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  191


Автор: Сәуле Досжанова

Елігің болып, ерітіп тұлабойыңды

Елігің болып,
ерітіп тұлабойыңды,
Еркелеп қана жаныңда жүрсем деп едім.
Тіл қатпай қарап, көзімнен оқып ойымды,
Отты жырлардың ағытсаң ғой бір көгенін.
Дүние шіркін көктем боп қайта гүлдесе,
Еркелей басып жаңында сенің жүргенде,
Шүпілдеп тұрса көңіліңдегі жыр кесе,
Ынтық жүректі тулатып салып бірдемде.
Көзіңе қарап,
сөзіңді тыңдап тамсанып,
Отыра берем,
отыра бергім бар әлі.
Әлемді ұмытып өзіңе ауған аңсарым –
Емдеп жатқандай нәзік жүректі жаралы.
Өткендер өтті,
күтемін алдан бір шуақ,
Көңілім бүгін сездің бе менің қаралы.
Қазақтан әлі көргем жоқ ұрттам су сұрап,
Біледі халқым,
жүрегім менің жаралы....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу