11.08.2022
  148


Автор: Қазақ ырымдары

Аң аулауға алғаш шыққан адам тұңғыш олжасын басқа біреуге сыйламайды. Онда қанжыға қурап құр қалады, қанды болмайды, жол болмайды. Бақ пен несібе басқаға кетеді деп ырымдалады. Ал келесі саятта олжасын дос-жаран, туған-туыстарына сыйлауға болады. Мұның мәнісі—әр қандай істің бастамасы өзімнен болсын. Жақсылығы да, жамандығы да басқаға көшпесін деген ниеттен туған ырым. Мұның түптөркіні— үниеқұмарлық емес, жақын кісілері сол олжадан бақытсыздыққа ұшырамаса екен деген тілектің нышаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу