Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  234


Автор: Мұхамбетберді СҮЙІТОВ

КЕЗДЕСУ МЕН ҚОШТАСУ

Аңсамаймын Гүлістанның жұмағын,
Иранбақтың қызығы жоқ мен үшін.
...Есі-дертім өзің болдың, құмарым,
Ынтық қылды ақ жүзіңнің меңі шын.
Хайям құсап шарап ішіп кештерде,
Шығыс қызын жыр қылмадым малынып.
...Сендей ару жоқ деп білдім еш жерде,
Құлай сүйген, жылай күткен сағынып.
Байлық емес дүнияуилік мұратым,
Таққа отыру міндетім де емес түк.
...Жүрегімінің ең төрінде тұратын,
Есіміңді әлдилесем елес қып.
Жанымды да қияр едім жолыңда,
Саған бірақ о да керек болмады.
...Бақытым ба, бастан кешер сорым ба?
Кездестік те қоштастық тез, болғаны




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу